Жамбылдықтар жәрмеңкеге дән риза

50
Тараз қаласындағы «Grand bazaar» сауда кешенінің ғимаратында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп, онда Жамбыл, Т.Рысқұлов аудандары мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің тауарлары қолжетімді бағада ұсынылды.
Сондай-ақ, агроқұрылым өкілдерінен бөлек «Алқаптан сөреге дейін» жобасына қатысушы жеке кәсіпкерлер де өз өнімдерін тұтынушыларға делдалсыз саудалады.
Жәрмеңке барысында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов сөрелерді аралап, тауарлардың сапасы мен қойылған бағалардың тұрақтылығын бақылады.
Жалпы жәрмеңкеде құны 8,5 млн. теңгені құрайтын 56,9 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары өткерілді. Оның ішінде 4,1 тонна ет, 1,0 тонна шұжық өнімдері, 3,0 тонна сүт өнімдері, 9 мың дана жұмыртқа, 2,5 тонна сары май, 0,5 тонна өсімдік майы, 0,2 тонна кондитерлік өнімдер мен 2,5 тонна макарон өнімдері, 0,5 тонна қарақұмық, 0,5 тонна күріш, 0,1 тонна тұз, 0,3 тонна балық, 4 тонна қант, 8 тонна ұн, 0,4 тонна бал және 29,3 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.