Жамбылға балаларға күрделі оталар жасайтын жабдықтар жеткізілді

0 73

Бүгінгі таңда нейрохирургиялық қызметті дамытуда заманауи жабдықтармен қамтамасыз етудің маңызы зор. Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының заман ағымына сай операциялық емдеудің жаңа түрлерін енгізуге мүмкіндік беретін инновациялық құрылғыларды қолданып келе жатқанына біраз болды.
Бізбен әңгімелескен нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Саят Жұмабаев емдеу орнына жақында сатып алынған аспаптар, атап айтқанда микроқұралдар және оның әлеуетті мүмкіндіктері туралы, әртүрлі өндірушілер жасаған түрлі қысымдағы шунттар бар екенін айтады. Германияда өндірілген, өзін-өзі реттейтін гравитациялық шунттар медицинада ерекше бірегейлікке ие, олар адам қысымын автоматты түрде тұрақтандырады, нәтижесінде операция минималды асқынулармен өтеді. Сондықтан, оларды пайдалану — пациентке жеке шунтты өзінің таңдауына мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, ауруханаға алынған ішкі бас сүйек қысымының артериялық қысым детокторы көмегімен операция кезінде мидың ісінуінің алдын-алуға болады. Бұл жерде нейронавигация жүйесінің бірегейлігіне ерекше назар аударуға болады. Ол мамандарға хирургиялық әрекеттерді бақылап, оны мүлтіксіз орындауға және мидың бейнесін дәл көруге мүмкіндік береді. Жедел церебральды жеткіліксіздігі бар, ауыр жағдайдағы науқастарды қарқынды емдеудің маңызды бөлігі болып табылатын нейромониторингтің де әлеуеті жоғары.
Жаңа жабдықтарды сатып алу — бірқатар күрделі операцияларды енгізуге және оларды ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда жамбылдық нейрохирург-дәрігерлер жұлынның ақауларын емдеу бойынша ота түрлерін сәтті жүзеге асырып келеді. Бүгінде церебральды сал ауруы бар балалардың өмір сүру сапасын жақсартатын селективті дорзальды ризотомия, яғни жұлын және бассүйек жүйке жүйесі түбіршектерін кесу бойынша бес операция жасалды. Әдетте, жұлын қозғалыс кезінде орташа мобильді болуы керек, бұл оны жарақаттан және әртүрлі зақымданудан қорғауға мүмкіндік береді. Көптеген жағдайларда жұлын төменгі арқадағы омыртқалы бағанға, яғни бел-сакральды бөлікке «байланған». Остеоневральды ауру, негізінен, орта мектеп жасына дейінгі балаларда жиі кездесетін туа біткен ақау болып табылады.
Сонымен қатар, диастематопиелия, яғни қасаға сүйектер арасындағы саңылау жұлын каналы мен жұлынның туа біткен аномалиясы бойынша да тоғыз түрлі операция жасалып, бәрі сәтті өтті.
Осылайша, жоғары технологиялық жабдықтардың арқасында дәрігерлер Қордай ауданынан құсу, мазасыздық және бастың ұлғаюы шағымымен ауруханаға келіп түскен бір айлық баланың өмірін сақтап қалды. Бастың компьютерлік томографиясы арқылы нәрестеде ішкі окклюзиялық гидроцефалияны — мидың орталық жүйке жүйесінің туа біткен ақауын, сонымен қатар мидың төртінші қарыншасының кистасын анықталады.
Мамандар жедел түрде хирургиялық араласу туралы шешім қабылдап, Германияда өндірілген вентрикулоперитонеальді шунт қойылып, сондай-ақ нейронавигацияның көмегімен кистаның тесілу жұмысы жүргізілді.
Нейрохирургтардың айтуынша, мұндай жағдайларда нейронавигацияның көмегі зор, өйткені ол мидың компьютерлік томографиясының толық суретін көрсетеді, кистаның жергілікті орнын анықтауға және оған жету үшін қандай тереңдікке баруға, кіру нүктесі мен шығу нүктесін орнатуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі жоғары дәлдікпен жасалады.
Бүгінгі таңда нәрестенің дені сау, атан-анасы әр алты ай сайын невропатологтардан кеңес алып, оңалту емін жалғастыруда.
Сәбиімді емдеген дәрігерлерге және менің нәрестемнің өмірін сақтап қалған барлық ақ халатты абзал жандарға ризашылығым шексіз,- дейді баланың анасы.

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.