Жақында Жамбылда жаңа автобустар жүйткиді

Аймақ басшылығы таңдау жасауда тұрғындар пікірін назарға алмақ

0

Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Тараз қаласының әкімдігі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автотасымалдаушы компаниялармен бірлесіп, қалалық қоғамдық көлік паркін жаңарту мәселесін пысықтауда, — деп хабарлайды «Jambylinfo» ақпарат агенттігі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, отандық өндірістегі жолаушылар автобустарының бірнеше моделі қарастырылуда. Олар –  Yutong ZK6852HG, ZK6108HGH («Сарыарқа АВТОПРОМ», Қостанай), Golden Dragon XML6845CR, XML6105CR («Hyundai», Алматы) және  Dongfeng BWC6850GA5 («СемАЗ», Семей).

Таңдау климаттық ерекшеліктерге, бейнебақылау жүйелері кешенінің, мониторлардың, жол жүрудің электрондық төлемінің, мүгедектігі бар адамдар үшін қол жеткізу жүйесінің болуына сүйене отырып, техникалық ерекшелікке, баға мен сапаға сәйкестігі ескеріле отырып айқындалатын болады.

Аталған автобустарды тестілеу 14 тамыздан басталады. Қала тұрғындары олардың сапасы мен жайлылық деңгейін жеке бағалай алады.

Осы орайда, аймақ басшылығы тараздықтардан өз пікірлерін білдіруге шақыруда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.