Жәрмеңкеге кел, ағайын!

36
Сенбі күні Тараз қаласында кезекті ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде Жуалы, Сарысу, Меркі, Байзақ, Т.Рысқұлов, Шу, Жамбыл аудандары мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері ұсынылмақ.
Жәрмеңке облыс орталығындағы арнайы белгілен жерлерде – Алатау мөлтек ауданындағы «Sulpak» сауда орталығының маңында, Сәтбаев көшесіндегі коммуналдық базарда, «GRAND BAZAAR» сауда кешенінің алаңында және «Қант зауыты» аумағындағы аллеяда өтеді.
Еске сала кетейік, өткен аптада жәрмеңкеде Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Мойынқұм, Талас, Қордай аудандары мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері ұсынылды.
Нарық бағасынан 10-20 пайызға төмен бағамен саудаланған өнімдердің көлемі 95,0 тонна болса, жалпы құны 121,6 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде 6,4 тонна ет, 1,2 тонна шұжық өнімдері, 2,2 тонна сүт өнімдері, 5 мың дана жұмыртқа, 0,4 тонна кондитерлік өнімдер мен 1,5 тонна макарон өнімдері, 0,1 тонна тұз, 2,3 тонна балық, 0,5 тонна бал және 75,3 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
Облыс орталығының төрт жерінде өткізілген жәрмеңкеге келушілердің қарасы қалың болды. Тұтынушылар тарапынан ет, сүт және көкөніс өнімдеріне деген сұраныс та жоғары. Себебі, жәрмеңкеде жылқы еті 1900, сиыр еті 1800 теңгеден саудаланса, көкөніс өнімдері түрлеріне қарай 40-100 теңге аралығында сатылды.