Жастарды жігерлендірген Президент жолдауы

0 30

1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар еліміздің тарихында, жаңа бір саяси ахуал орын алды. Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел Президентінің жолдауы 2022-2023 жаңа оқу жылының басталуымен қатар келуі, әрбір азаматының ерекше назарын аударды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігін қадап айтты. Сонымен қатар мемлекет басшысының жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей. Сонымен қатар Президент өз жолдауында 2023 жылы 100 мың жас жаңа жұмыспен қамтылатынын жеткізді. Әрине бұл жаңалық жастарды қуантқаны анық.

Президент жолдауына орай жамбыл жастарымен етене жақын араласып, ел дамуына үлес қосып жүрген М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Арнат Ұлтанбаев өз пікірін білдірді

«Жолдауда халықтың назарында жүрген көптеген мәселелер мен ұсыныстар айтылды. Менің ойымша бұл ұсыныстар алдағы уақытта болатын үлкен реформалардың бастамасы болатынына сенемін. Мен ойлаймын осы тұста біздің жастарымыз мемлекеттен беріліп жатқан мүмкіндіктерді пайдалану қажет. Осы заманға сай білімді, білікті азамат болуға тиіс. Және де бұл реформаларды атқаруда жастардың рөлі зор»,- деп өз ойын білдіріп, жүктелген тапсырмалар бойынша қарқынды жұмыс атқаратынын жеткізді.

 

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.