Жастардың үздік жобалары сыйақыға ие болды

67

Биылғы жылды Мемлекет Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Волонтерлер жылы» деп жариялаған еді. Дәл осы жылы әлемді әбігерге салған пандемиямен күресте еріктілер ерен еңбек танытты.

Президенттің 2020 жылдың 24 қаңтардағы Үкіметтің және әкімдердің ел өңірлеріндегі жұмысының жедел мәселелері туралы кеңесте «Волонтерларды нақты қолдау үшін жергілікті бюджеттерден сыйақы бөлу мәселесін қарастыру туралы» тапсырма берілген еді. Осыған сәйкес «Asyl mura» жалпыұлттық жобасы аясында жарияланған республикалық шағын гранттар да облыстың 9 волонтерлық ұйымы ақтық сынға жолдама алып, оның үшеуі жеңімпаз атанды.

«Birgemiz: Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобасы аясында республикалық шағын гранттарда Жамбыл облысынан 6 ұйым қатысып, екеуі жеңген.

Ал, «Birgemiz: Taza alem» жалпыұлттық жобасы аясында 6 жас азамат шағын грантқа ие болды.

Бұдан бөлек, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Үздік жобалар» байқауын ұйымдастырған болатын. Осы байқауға ұсынылған Осы байқауға ұсынылған 38 жобадан үздік 21-і арнайы сыйақыны олжалады.

Жамбылдық еріктілердің сыйақыларын тапсыру салтанатында коронавирус жұқпасымен күрес кезінде белсенділік көрсеткен жас азаматтар «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

Белсенді жастарды марапаттауға облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев қатысып, үздіктерді жүлделерімен құттықтады.

Еңбекқор, жаңашыл жастарға қолдау көрсеткен ел билігіне алғыс айтқан Қамқор бағыты бойынша «Біз біргеміз» жобасының иесі Ерлан Сейдазимов:

— Мен бұл грантымның қаржысымен балаларға жаңажылдық сыйлық жасауға арнаймын, -деді.

 

Қамар Рахметуллина