Жазасын өтеушілер арасында жарыс өтті

0 31

Таразда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінің тәрбие бөлімі сотталғандар арасында спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырды. Олар дойбы, шахмат, қол күрес, теннис т.б. ойындардан сынға түсіп, викториналық сұрақтарға жауап берді.

Шараны мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет майоры Әлібек Алдыяров ашып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Тақта үстіндегі соғыс деп аталып кеткен шахмат ойынында сотталғандар ерекше ойын көрсетті. Олар бар ынта- жігерін салып, шеберліктерін көрсете білді. Білік күшінің мықтылығын көрсететін қол күресте де сотталғандар өздерінің осал еместігін көрсетті.

Сотталғандардың спорттық ойынына, өнеріне мекеме қызметкерлерінен құралған қазылар алқасы өз бағаларын берді.Сұрақтарға шапшаң, әрі жылдам жауап беріп, өлең орындауда алдына жан салмағандар жүлделі орынды иеленді.

Сайыс соңында жеңімпаздар сыйлықтарымен марапатталды. Сайысқа қатысқан сотталған шараны ұйымдастырушы мекеме қызметкерлеріне алғысын айтты.

Әлжан Алтынбек,
ЖД-158/4 мекемесінің қызметкері

Leave A Reply

Your email address will not be published.