Жазасын өтеушілерге психологиялық дәріс оқылды

0 27

Өмірде аяғын шалыс басып, жазасын өтеп жүрген сотталғандардың санасын тезірек сауықтыруға, айналадағы жағдайларға бейімделуге, сондай-ақ олар жасаған құқық бұзушылықтың – оның алдағы өміріне кедергі болмауы үшін мамандар тарапынан көрсетілетін психологиялық көмектің маңызы зор.

Жуырда «Ақ ниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығының басшысы Шынар Наурызбаева және оның орынбасары Замир Тулешов облыстық ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/4 мекемесіне арнайы келіп, жазасын өтеушілерге дәріс оқыды.

Психологиялық дәрістің алғашқы бөлігінде яғни, «Жоспарларды ұтымды, эмоционалды құру – осы маңызды сәттерді қалай қолдана білу керек» дәрісінде бір адамда болуы мүмкін екі қасиет: рационалды және эмоционалды мінез-құлықтары талқыланды. Ал дәрістің екінші бөлігінде «Күмәнді нәрседен аулақ болып, өзіңе қажетті іспен айналысу» бос уақытын тиімді пайдаланудың жолдары сөз болды.

Бұдан бөлек, сотталғандар арасында қарама-қайшы әрекеттерге жол бермеу және алдын алу бойынша психологиялық сауалнама жүргізді. Психологиялық сауалнамалар пенитенциарлық жүйені қалыптастыру және жазасын өтеушілер арасындағы құқық бұзушылықтарға, деструктивті мінез-құлықтың пайда болуына, жағымсыз жеке қасиеттерінің пайда болуына жол бермеу мақсатында қолға алынып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі де талқыланды.

Қорыта айтқанда, алдағы уақытта да сотталған азаматтарға психологиялық көмек көрсету — басты назардан түспек емес.

Сәдуақас Тоқсанбаев,
ЖД-158/4 мекемесінің инспектор теологы, әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.