ЖД-158/5 мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері Президент Жолдауын бірге тыңдады

0 50

ЖД-158/5 мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері Президент Жолдауын бірге тыңдады

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауын бірге тыңдады. Құқық қорғау қызметкерлері маңызды құжатта айтылған мәселелер егемен еліміздің дамуына тың серпін беретініне сенімді.

— Жолдауда барлық салаларға қатысты тұщымды ұсыныс-пікірлер айтылды. Ата-ана ретінде ұл-қызымызға ұлттық қордан инвестиция салынатыны біз үшін жақсы жаңалық. Перзентіңнің болашағы жарқын болса деп тілейсің. Бұл көпбалалы ата-аналарға көрсетілген үлкен қолдау, зор мүмкіндік, — деді мекеме бастығы әділет подполковнигі Нұржан Кузембаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.