Жезөкшелер притонын ұйымдастырған 48 жастағы әйел ұсталды

0 72

Жамбылдық полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтады.

«Стоп трафик» жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні Тараздағы Исатай батыр көшесіндегі сауықтыру кешенінде полиция қызметкерлері жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырып, ұстаған 48 жастағы әйелді ұстады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі (жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсталған азаматша кінәсін мойындады.

«Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК 449-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық анықталды» делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Профилактикалық есепке «сутенер» санаты бойынша 2 адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін 5 әйел қойылды.

Профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.