Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобасы аясында ауыл тұрғындарының кәсібін ашуына мол мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, аталған жоба бойынша «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан несие алған Байзақ ауданы, Үлгілі ауылының тұрғыны Ләйла Бесбаева тігін цехын ашып, өз-өзін жұмыспен қамтып отыр. Жоба аясында 3,3 миллион теңге несие алған ол цифрландырылған үлкен тігін машинасын сатып алып, жұмыс ауқымын кеңейткен. Осылайша, пайда да таба бастаған.
– Жасыратыны жоқ, осыған дейін үйде ескі тігін машинасымен іс тігіп жүрдім. Онымен жұмыс істеу – көп уақытты алатын әрі физикалық тұрғыда едәуір қол күшін де талап ететін. Өзге банктерден заманауи тігін машинасын алу үшін несие алу біз үшін тиімсіз болатын. Дегенмен өткен жылы ауылдық әкім…