Жуалыда “Туған жерге туыңды тік” форумы өтті

30
Аудан әкімінің орынбасары Е.Қалмұрзаевтың қатысуымен Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында “Туған жерге туыңды тік” форумы өтті. Форумның басты мақсаты халықты, меценаттар мен волонтерлерді ынталандыру, қайырымдылық пен мейірбандылық идеяларын танымал ету болып табылады.
Жиын барысында “Жыл меценанты” номинациясымен Ә.Жұмабаев, “Туған өлке” номинациясымен Е. Миразов, “Жыл тұлғасы” номинациясымен Т.Аллахвердиев, “Ерен еріктілік” номинациясымен А.Мейрамбай, “Жылдың үздік ұйымы” номинациясымен “Жуалы” мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығы аудан әкімінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.