Жуалылық 120 азамат жаңа бизнес-идеяларына қайтарымсыз грант алды

0 9
Жуалы ауданында кәсіпкерлікке бет бұрған жастардың үлесі артып келеді. Өйткені, мемлекет тарапынан қолдау бар.
Мәселен, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 120 азамат жалпы құны 70 008 мың теңгені құрайтын қайтарымсыз грант негізінде қаражат алды. Аталған 120 тұрғынның 82-сі 18-29 жас аралығындағы жастар.
🔹Сонымен қатар «Бастау- бизнес» жобасы аясында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жоспар бойынша 260 қатысушы оқуын аяқтап, тиісті сертификаттарын алды
Leave A Reply

Your email address will not be published.