Жыл басынан бері Жамбыл облысында мал ұрлығының 48 дерегі тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,6% — ға төмен.
Ағымдағы жылдың 5 айында мал ұрлығымен айналысқан 38 адам, сондай- ақ 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкереленіп, барлығы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Облыс аумағында ұрланған 900-ден астам мал басы табылып, иелеріне қайтарылды.