Жамбыл жолдарындағы кемшілік үшін биыл 46 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

0 0

Жамбыл облысының жолдарындағы кемшілік үшін биыл 46 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов Facebook-тегі парақшасында жолдардағы кемшілік үшін лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылатынын жазды.

«Жол-көлік оқиғалары көбінесе жүргізушілердің кінәсінен болғанымен, апаттылық деңгейін төмендету үшін жолдардың сапасын жақсарту қажет.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2020 жылдың 12 айында облыстың автомобиль жолдарына 1 711 рет тексерді. Облыстағы жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы үшін 195 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді Жанат Сүлейменов. Оның айтуынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде облыстың автожолдарында 8 мыңнан астам жол белгісі орнатылып, әртүрлі техникалық кемшілік жойылған.

«3 айда жүргізілген 493 зерттеудің қорытындысы бойынша 46 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады», — деді Жанат Сүлейменов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.