Жаңалықтар

Жамбылда 43 градусқа дейін ыстық болады

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК Жамбыл облыстық филиалы ескертіп отыр

Синоптиктердің мәліметінше, жақын күндері Иран аймақтарынан Қазақстан аумағына жылы ауа массалары кіреді. 

"Соның салдарынан Қазақстанның оңтүстігі 43-46 градусқа дейін ысиды”,- деп жазылған ведомствоның хабарламасында.