Жамбылда 75 жүргізуші мас күйде көлік баскарған

0 20

Жамбыл облысы аумағында жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында масаң күйде көлік жүргізушілерді анықтау бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жұмыстар нәтижесінде тамыз айының 22 күнінде полиция қызметкерлерімен осындай көлік басқарудың 75 дерегі тіркелді.

Оның ішінде, 1 жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасаған, 5 адам мас күйінде қайта көлік жүргізген.

Мәселен, тексеру барысында Құлан ауылының Жібек жолы көшесінде механикалық жол-көлік оқиғасы орын алған. 57 жастағы «Мерседес Бенц» маркалы көліктің жүргізушісі мейрамхана жанында тұраққа қойылған «Мерседес»маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
Медициналық куәландыру қорытындысы көрсеткендей, ер адам орта дәрежедегі мас күйінде көлік басқарған.

Сонымен қатар, жүргізушінің 2021 жылдың қазан айында сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылғаны анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізілуде. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Бұндай қылмысты жасағаны үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға өзінің және өзге адамдардың қауіпсіздігі үшін масаң күйде көлік жүргізбеуді, көлік жолдарында жылдамдықты асырмауды және қарсы қозғалыс жолағына шықпау қажеттігін ескертеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.