Жаңалықтар

Жамбылда бір түнде 80-ге жуық кәмелетке толмаған жасөспірім жауапқа тартылды

Жамбылда бір түнде 80-ге жуық кәмелетке толмаған жасөспірім жауапқа тартылды

Жамбыл облысында «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасының бірінші күні 80-ге жуық әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР БҒМ комитеті күні бойғы жұмысқа тартылған 14 жасөспірімді анықтады Коронавирус: Жамбыл облысында 150 мыңнан аса тұрғын вакцина салдырды Жамбылда қоғамдық көлік жүргізушілері бір аптада жол ережесін 1000-нан аса рет бұзған Петропавл көшесінде түнде екі жасөспірім мас жүрген Жамбыл облысы аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде, оған 14 мобильді топтың мүшелері жұмылдырылды. Жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау және алдын алу, құқыққа қайшы әрекет ететін, спирттік ішімдіктерді, психотроптық және есірткі заттарын пайдаланатын кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ оларға алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сататын ересек адамдарды анықтау болып табылады. Мобильді топтар ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтайды және ойын-сауық орындарының әкімшілері мен ата-аналарға қатысты әкімшілік жазалау шараларын қолданады. «Рейдтің алғашқы күні 78 әкімшілік хаттама толтырылды, оның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болуы бойынша 63 дерек, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына қатысты бес хаттама толтырылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағында тіркеусіз немесе жеке куәліксіз болуы бойынша және белгіленбеген жерде сауда жасау бойынша бес деректен тіркелді», – деді облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының аға инспекторы Қуанышбек Қалжанов. Біздің каналымызға жазылыңыз. Нұрдәулет АСАН