Жаңалықтар

Жамбылда бірнеше ЖОО шетелдік азаматтарға жалған құжат жасағаны белілі болды

Заңсыз құжатпен айналысқандар қатарында Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті де бар.

Өңірге жұмыс істеу мақсатында келген мигранттар оқу орнына қатысы болмаса да, университет және колледж «студенті» атанған деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstantv сілтеме жасап.

«Бізде білім алады» деген анықтаманы заңсыз бергендер қатарында Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті де бар. Аймақтағы маңдайалды мемлекеттік оқу орны 19 мигрантқа құжат рәсімдеген. Бұдан бөлек бірнеше колледждің 6 адамға анықтама бергені анықталды. 

Бұл құжат шетелдіктерге бір жыл бойы Таразда тіркеуде тұруға мүмкіндік береді. Олардың дені – Өзбекстан мен Түрікменстан азаматтары. 

Заңсыз іспен айналысқан университет қызметкері бір ай бұрын жұмыстан шығып кеткен. Күдікті жазадан құтылып кетті ме? Олқылыққа жол бергендер қатарында облыстық көші-қон полициясы да бар.