Жаңалықтар

«Жамбылда дүбірлі той»: Ертең олимпиада чемпионы Елдос Сметов туған жерге оралады

Жамбылдықтар Париж олимпиадасының чемпионын сән-салтанатымен күтіп алады

5 тамыз күні Тараз қаласының орталық стадионында дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметовты салтанатты күтіп алу рәсімі өтеді, -деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Төрт жылдықтың басты додасында топ жарған жамбылдық жампозды ұлықтау мақсатында шеру ұйымдастырылады.

Салтанатты кеште «Алашұлы» тобы,  АДАМ, Тұрар, Kalifarniya, және Ернар Айдар сынды эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. 

Салтанатты іс-шара Орталық стадионда сағат 18:00-де басталады.