Жамбылда он төрт адамның 15 млн теңгесін қалтасына басқан алаяқ ұсталды

0 3

Жамбылдық полицейлер әккі алаяқты ұстады.

Тараз қаласының полиция басқармасы 1- полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің қызметкерлері ірі көлемде жасалған бірнеше алаяқтық дерегін ашты.

Осы деректер бойынша тергеу амалдарының нәтижесінде Жуалы ауданының 50 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

«Осылайша істің мән-жайын анықтау барысында күдіктінің 2018-2019 жылдар аралығында облыс орталығында тұрып, «TIENS-Қазақстан» компаниясындағы дистрибьютор-әріптестерінің сеніміне кіріп, желілік маркетингте олардың сапа деңгейін арттыру үшін өзінің ақылы қызметтерін ұсынғаны белгілі болды. Осының нәтижесінде ол 14-ке жуық жәбірленушіні алдап, олардан 1 миллионнан 15 миллион теңгеге дейінгі көлемде ақша алған» делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған қылмысқа қатысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алаяқтық құрбаны болған басқа да адамдар анықталып жатыр.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.