Жаңалықтар

Таразда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

The final spritzer

Жәрмеңке 31 тамыздан бастап әр сенбі сайын ұйымдастырылады

Апта сайын ұйымдастырылатын жәрмеңкеде әлеуметтік маңызы бар өнімдер тұрғындарға нарықтағыдан 15-20 пайыз төмен бағада сатылатын болады, деп хабарлайды Jambylinf.kz.

Облыс орталығында  2024 жылдың 31 тамызынан бастап әр сенбі сайын «ӘЛЕУМЕТТІК БАЗАР» алаңында (Жамбыл даңғылы, 18Д) ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері ұсынылатын болады.