Жамбылда су үнемдеу технологияларын қолдануды кеңейту аясында 3 кәсіпорын іске қосылды – облыс әкімі
Бұл туралы Жамбыл облыс әкімі Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте айтты
Аймақ басшысының сөзінше, Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде суармалы алқаптарды ұлғайту бойынша ауқымды іс-шаралар қабылданды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Сондай-ақ, аймақ басшысы су үнемдеу технологияларын қолдануды кеңейту аясында облыста 3 кәсіпорын іске қосылғанын атап өтті.
- «KAZAKH INDUSTRIAL STROI» (ҚХР) 3 млрд.теңгеге жуық инвестиция есебінен каналдарға заманауи бетон жабындары өндірісі, жылдық қуаттылығы 240 мың м2;
- «KAZKASPI HYDRO» (ҚХР) 2,8 млрд теңгеге тамшылатып суару жүйесі, жылына 5 мың гектардан кем емес алқабты қамти отырып;
- ANS PLAST» (Қазақстан) 0,5 млрд. теңгеге спринклерлік жабдықтар мен ПВХ құбырларын шығару (5-6 мың га/жыл).
Сонымен қатар облыста тамшылатып суару жүйесін өндіруді ұйымдастыру бойынша түрік инвесторларымен тағы 2 жоба жүзеге асырылмақ: