Жаңалықтар

Жамбылда жазасын өтеуші қарттарға фильм көрсетілді

Бұл шара қарттар күніне арнайы ұйымдастырылған

Атаулы күнге орай, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №58 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталған азаматтар арасындағы қарт кісілерге ерекше көңіл бөлінді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бүгін – Халықаралық қарттар күні. Бұл мереке 1990 жылдың 14 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан ресми түрде бекітілген. Осыған орай, аталған мекемеде қарттарымыздың қадір-қасиетін құрметтеу мен оларға алғыс білдіру мақсатында ұйымдастырылатын бұл күнде көптеген іс-шаралар өткізілді. 

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №58 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталған азаматтар арасындағы қарт кісілерге ерекше көңіл бөлінді. Тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім бастығы әділет майоры Елдос Набатов оларды мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.

 Сонымен қатар, мереке құрметіне орай қарт азаматтарға арнайы көркем фильм көрсетілді.