Жамбылдық 115 мыңға жуық мектеп оқушысы ыстық тамақпен қамтылады
Жаңа оқу жылында 1-4 сыныптағы 71 230 бала, сондай-ақ жекелеген санаттағы 43 198 оқушы ыстық тамақпен қамтылады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жаңа оқу жылынан бастап мектеп асханаларына қоғамдық бақылауды күшейтуді тапсырды. Бұл туралы ол білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде айтты.
Жаңа оқу жылында 1-4 сыныптағы 71 230 бала, сондай-ақ жекелеген санаттағы 43 198 оқушы ыстық тамақпен қамтылады.
Биыл көпбалалы, аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақ, киім-кешек, жазғы сауықтырумен қамтамасыз етуге 5,6 миллиард теңге бөлінді. Киім-кешекке бөлінген қаржы ата-аналардың жеке шоттарына аударылды.
Өңірде «Мейірім жобасы» аясында нәтижелі жұмыстар жалғасуда. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 137 балаға 96 мекеме әлеуметтік қолдау көрсетуде. 1 256 баланың Отбасы банктегі шотына бекітілген мемлекеттік органдар мен ірі кәсіпорындар 71 миллион теңге қаржы аударды.
Бұдан бөлек, жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өтуде.