Жаңалықтар

Жамбылдық полицейлер рейд жүргізіп жатыр

The final spritzer

Тәртіп сақшылары автокөліктерді заңсыз жабдықтау және жанар-жағармайды заңсыз әкетуге қарсы күрес жүргізуде

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жанар-жағармай материалдарын ел аумағынан тыс жерлерге әкетуге жол бермеу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.    

Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Бауыржан Жанаевтың айтуынша, полиция қызметкерлері тиісті рұқсатсыз қосымша жанармай бактарын орнату жолымен көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу деректерін анықтауға ерекше назар аударып отыр.

Айта кетейік, рейдтер басталғаннан бері осы бап бойынша 130 жүргізуші жауапқа тартылып, заңсыз  жабдықталған автомашиналар бұзушылықтар жойылғанға дейін арнайы тұраққа қойылған