Жамбылдық жастардың қаржылық сауаты қай деңгейде
Әлеуметтанушылар, қазіргі уақытта қаржылық сауатсыздық халықты қарызға батырып жатыр дейді
Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда екінің бірінде несие бар. Қоғамда киім-кешектен бастап, азық-түлікке дейін пайызсыз бөліп төлеумен сатып алу қалыпты жағдайға айналды. Халық неге несиеге батып кетті? Бұл мәселеге орай, әлеуметтанушылар мен экономистер не дейді? Ал жастар ше? Jambylinfo.kz тілшісі осы сауалдарға жауап іздеді.
Қаржы саласының маманы Айнұр Талғатқызының айтуынша, халықтың жаппай несие алып, қарызға батуына да қаржылай сауаттың төмендігі себеп.
Айнұр Талғатқызы қаржылық сауаттылықты ақшаға қарым-қатынасты жүйелі түрде білім арқылы арттырып, оң нәтижеге қол жеткізу деп түсіндірді.
Айнұр Талғатқызы ақшаны дұрыс басқара алатын адамдар қолданатын үш негізгі тәсілді тізді. Ай сайынғы бюджетті есептеу. Ай сайынғы шығыныңыз жалақыңыздан аз болғанын қаласаңыз, бюджетті есептеу керек. Кірістің тізімін жасаған дұрыс: жалақы, инвестиция, салық шегерімдері; сондай-ақ, тұрақты шығындар тізімі: жалдамалы дүниенің ақысы, коммуналдық және несиелік төлемдер; өзге де шығындар: тамақтану, сауда, саяхат және ойын-сауық; жинау керек қаражат.
Жамбылдық тағы бір сарапшы, әлеуметтанушы Фатима Рашидқызының айтуынша, қаржылай сауатты болу үшін ең алдымен кіріс пен шығысты айырып үйренген дұрыс екенін алға тартты.
«Қауіпсіздік қорын» қалыптастыру. Мұндай әдет кенеттен жұмыстан шығып қалу немесе көліктің бұзылуы секілді төтенше жағдайда құтқарады. Қордың ең аз мөлшері — 3-6 айдағы кіріс, оңтайлысы — 12 айдағы кіріс. Мысалы, айына 200 мың теңге жалақы алатын адамның «қауіпсіздік көпшігі» 600 мың теңгеден басталады, ал 12 айда бұл сома 2 миллион 400 мың теңгеге дейін көбейеді. Егер сіздің отбасыңыз, балаларыңыз бар болса, бұл қорды көбейту қажет.
Ал енді Жамбылдық жастардың пікірін тыңдап шықтық. Мен қаншалық қаржылай сауаттымын деген сұраққа күнделікті өзіңізге есеп тапсырасыз ба. Бұл сұраққа Аружан Маратқызы былай деп жауап берді.
Тағы бір жамбылдық тұрғын Раяна Алматқызы қаржылай сауаттылығымды арттырып, түрлі курстарға да қатысып көрдім. Нәтиже де шығара алдым деп ойлаймын. Қазіргі уақытта барлық жағынан даму маңызды. Оның барлығы ақшаға кеп тіреледі. Сол үшін де қаражаттыңызды жылтыраған дүниелерге жаратпай дұрыс әрі сауатты жұмсап үйреніңіздер деп кеңес берер едім.
Сондықтан мамандардың ақыл-кеңесіне құлақ асып, бұл бағытта білімді толық жетілдірген жөн.