Жамбылдық паралимпиадашылар ҚР чемпионатында 23 алтын, 7 күміс, 1 қола медальді иеленді

0 13

2022 жылдың 28-30 маусым күндері Ақтөбе қаласында пара жүзуден ересектер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты өтті. Ел чемпионы атағын иелену үшін 17 өңірден 130-ға жуық спортшы қатысты. Жамбыл облысынан 12 спортшы бақ сынады.

Әулиеаталық құрам сапында Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Габидуллина, Токио Паралимпиадасының қола медаль иегері Нұрдаулет Жұмағали сынды спортшылар өнер көрсетті.

Облыс құрамасы ҚР чемпионатында 23 алтын, 7 күміс, 1 қола медальді иеленді.

Көру қабілеті төмен ересек спортшылар — 7 алтын, 2 күміс иеленсе, тірек-қимыл аппараты зақымданған ересек спортшылар 8 алтын, 4 күмісті қанжығалады. Тірек-қимыл аппараты зақымданған жас спортшылар 8 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдеге қол жеткізді.

Облыс құрамасы сапында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар:

Нұрдаулет Жұмағали 3 алтын медаль; Ғалымжан Балабек 3 алтын медаль;
Айбек Искра 1 алтын, 2 күміс медаль;
Зульфия Габидуллина 3 алтын медаль;
Азамат Мырзахметов 2 алтын, 1 күміс медаль; Зарина Мурзагалиева 3 күміс медаль;
Сауле Садыкова 3 алтын медаль;
Қуаныш Рахатұлы 3 алтын медаль;
Нышанали Жанат 3 алтын медаль;
Полина Скоржевская 2 алтын медаль;
Богдан Чухнов 1 күміс, 1 қола медаль.

Leave A Reply

Your email address will not be published.