Италияның Рим қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасында ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ өтуде.
Жаһандық додаданың жүлдесін алғаш болып грек-рим күресінің балуандары сарапқа салуда.
Қазақстан Республикасының құрамасы сапында 60 келіде Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ қоласын еншіледі.
Бұл жамбылдық балуанның ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ екінші жүлдесі. Бұған дейін 2021 жылы Будапештте (Венгрия) жасөспірімдер арасында қола медаль иеленген болатын.