Жамбылдықтар шабдалы өсіріп кәсіп бастауда

0 44

Жамбыл ауданындағы Қаратөбе ауылдық округіне қарасты “Казфрутлайн” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Көшкінбай Құлманбетов биыл 16 гектарға алша, 3,5 гектарға шабдалы, 50 гектарға алма отырғызып өнімін жинауға көшті.

Өңірдегі ең алғаш шабдалыны орналастырған серіктестіктің жұмысымен аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы арнайы барып, танысып қайтты.

Тұқымды Түркия мемлекетінен өткен жылы алдыртқан шауашылық, алғашқы жылы-ақ өнім көлемін жоспардағыдай алды. Бойы 2 метрге шуық шабдалының әр талы 25-30 келіден өнім беруде. Серіктестіктің жоспары бойынша келер жылдары әр гектардан 30 тоннадан өнім алынбақ. Еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтілетін шабдалыға бүгінде сұраныс көп.

Шаруашылықтың жұмысын көрген аудан басшысы өнімді аудан, облыс көлемінде саудалау қажеттігін айтып, оны баптай білген серіктестік басшысына ризашылығын жеткізді.

Сонымен қатар шаруашылықта жиналатын өнімдерді сақтау үшін 2 мың тонна тоңазытқыш қоймалары бақтың қасында орналасқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.