Жаңалықтар

«Жанартау – жаңару энергиясы» атты тренинг ұйымдастырылды

Тренинг барысында қатысушылар түрлі психологиялық жаттығулар орындап, өз ойлары мен сезімдерін ашық жеткізуге мүмкіндік алды.

Наурыз мерекесіне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №58 мекемесінде сотталғандар арасында «Жанартау – жаңару энергиясы» тақырыбында психопрофилактикалық тренинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Аталған іс-шараның басты мақсаты – сотталғандардың ішкі әлеуетін ояту, оларды жаңа мақсаттарға ынталандыру және Наурыз мерекесінің жаңару, жаңғыру идеяларын тереңірек сезіндіру болды. Сонымен қатар тренинг қатысушылардың психологиялық жағдайын жақсартуға, эмоционалдық тұрақтылығын арттыруға және қоғамға қайта әлеуметтенуіне оң ықпал етеді.

Іс-шара соңында кері байланыс жүргізіліп, сотталғандар өз әсерлерімен бөлісті. Олар мұндай кездесулердің пайдалы екенін атап өтіп, мерекелік көңіл-күй сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.