Жания Джуринская ауруханада жатса да баласын қырқынан шығарған
Танымал актриса ұлы Зейіннің суретін алғаш рет көрсетті
Танымал актриса Жания Джуринская сәуір айында дүние есігін ашқан ұлы Зейіннің фотосын тұңғыш рет жариялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Зейінді қырқынан шығаратын сәтте ана мен бала жұқпалы аурулар ауруханасына түсіп қалған. Бірақ ұлын қырқынан шығару үшін Жания тосылып қалған жоқ. Қайта балақайды ерекше форматта қырқынан шығарды. Ақ халатты абзал жандар дәстүрдің ойдағыдай өтуіне ықпал етті.
«Біз бүгін ұлымның өміріндегі жаңа кезеңге қадам бастық. Жамандықтың бәрі артта қалып, болашақта тек жарқын және сән-салтанаты жарасқан дені сау өмір сүруге талпынамыз, - деді жас ана.
Кішкентай Зейінге дәрігерлер бар ізгі тілектерін арнады.