Жансая Әбдімәлік шахмат Бундеслигасының чемпионы атанды

0 9

Жансая Әбдімәлік шахмат Бундеслигасының чемпионы атанды

Халықаралық гроссмейстер және Алматы шахмат федерациясының президенті Жансая Әбдімәлік әйелдер Бундеслигасында (Германия) өзі өнер көрсеткен OSG Badаen-Baden командасы жеңімпаз болғанын мәлім етті. Жансая бұл туралы әлеуметтік парақшасында жазба қалдырды.

«Достар, мен Бундеслигада атынан қатысқан OSG Baden-Baden командасы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 9-турда біз басты қарсылас — SK Schwäbisch Hall командасына қарсы ойнадық. Бұл — шешуші ойын болды! Біз 2 ½: 3 ½ есебімен жеңдік», — деп жазды Жансая Әбдімәлік.

Шахматшы атап өткеніндей, OSG Baden-Baden командасы соңғы рет 2018 жылы лига чемпионы болған.

«Осылайша, біздің клуб рекордты түрде 12-рет Бундеслига жеңімпазы атанды!» — деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.