Жаңалықтар

Жансая Әбдімәлік карьерасын аяқтағаны рас па

Қазақстандық танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік карьерасын аяқтауға қатысты пікір білдірді.

Жансая Әбдімәлік "EL kz" порталына берген сұхбатында биыл турнирлерге қатыспайтынын, ал карьерасын аяқтау туралы нақты шешім қабылдамағанын айтқан. 

Жансая бұған дейін 2023 жылғы қыркүйекте жарысқа қатысқан. Ол кезде Әбдімәлік Асаубаевамен бірге Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында бақ сынады. Жекелей сында Бибісара алғашқы бестікке енсе, Жансая жетінші орынға тұрақтады.

Еске сала кетейік, 
Әбдімәлік 2014 жылы әйелдер арасында гроссмейстер атанса, 2017 жылы халықаралық шебер, 2021 жылы гроссмейстер атағына қол жеткізді.