Жапонияда отқа оранған қойманы 60-қа жуық өрт сөндіру көлігі мен тікұшақ сөндіре алмай жатыр

0 6

Дүйсенбі күні Жапонияның Хонсю аралының оңтүстік-шығысындағы Осака қаласында алты қабатты қойма өртенді. Тілсіз жаумен күреске 60-қа жуық өрт сөндіру көлігі мен тікұшақ жұмылдырылған. Жалын 10 мың шаршы метр аумақты шарпыған

Өрт кезінде ғимараттың ішінде 100-ге жуық адам болған, олардың барлығы қауіпсіз жерге шығарылды. Полиция қоймада оны пайдаланушы компания өкілдерінің бар-жоғын тексеруде. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт ғимарат бөлмелеріндегі бос картон жәшіктерінің өртенуінен басталған

Leave A Reply

Your email address will not be published.