Жақында Әскери баспана бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдау басталады

0 48

Қадам 1.
Бағдарламаға қатысуға өтініштерді қабылдау Баспана Маркет https://otbasybank.kz/ порталында 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі .
Бағдарламаға қатысуға тұрғын үй төлемдерін алушылар өтінім бере алады:
— Банкте арнайы салымы барлар және сол салымдары бұрын онлайн-табыстау арқылы сатып алынған салыммен біріктірілмеген жағдайда;
Әскери баспана; бағдарламасына қатысуға өзекті өтінімі жоқ азаматтар үшін;
-Әскери баспана; бағдарламасы шеңберінде қарыз алу үшін өзекті несиелік өтінімі жоқ азаматтар үшін;
-Әскери баспана; бағдарламасы шеңберінде алынған несиесі жоқ адамдар.

Қадам 2.
Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін автоматты режимде негізгі және резервтік тізімдер қалыптастырылатын болады. Тізімдер тұрғын үй төлемдерін алушылардың арнайы салымдарына жинақталған сыйақының ең көп сомасы негізінде қалыптастырылатын болады. Яғни тізімге арнайы салымдарда тұрғын үй төлемдерін тұрақты түрде жинақтаған алушылар енгізіледі. Негізгі немесе резервтік тізімге өту немесе өтпеу туралы мәртебені Баспана Маркет порталындағы жеке кабинеттен көруге болады.

Қадам 3.

Негізгі тізімге енетін тұрғын үй төлемдерін алушыларға 180 (жүз сексен) күнтізбелік күн ішінде қажет болады:
1. Банк бөлімшесінде, банк кеңесшісінде немесе бейне қоңырау арқылы төлем қабілеттілігін алдын ала бағалаудан өту;
2. Тұрғын үйді тауып, оны бағалау;
3. Несиелік өтінімді банк бөлімшесінде, банк кеңесшісінде немесе бейне қоңырау арқылы беру.

Қадам 4. Несие алу.

Қосымша: қатысуға өтінім бергеннен кейін және өтінім берген тұрғын үй төлемдерін алушылардың негізгі және резервтік тізімдері қалыптастырылғанға дейін өздерінің арнайы салымдары бойынша постдепозиттік операцияларды (басқаға беру, жабу, біріктіру) жүргізе алмайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.