Жарты миллиард теңгелік қиыршық тасты ұрлағандар ұсталды
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады
Түркістан облысында кен іздеушілер заңсыз өндіру жұмыстарын жүргізген төрт адам ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
ІІМ мәліметіне қарағанда, олар қиыршық тасты өндірумен және сатумен айналысқан. Залал 437 млн теңгеге бағаланды. Олардан экскаватор, жүк тиегіш, төрт жүк көлігі және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Түркістан облыстық полициясы қылмыстық іс қозғады.