Жаңалықтар

Өзбекстанда жанармай құю бекетінде болған жарылыстан 4 адам көз жұмды

Қылмыстық іске қатысты 5 адамның ұсталғаны хабарланып отыр.

 Ферғана  аймақтық Төтенше жағдайлар басқармасы (ТЖБ) баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ахмед Яссауи көшесінде орналасқан жанармай құю бекетінде болған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жарылыс сағат 13:43-те сұйытылған газды шығару кезінде басталған. Оқиғаға технологиялық процесс пен қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп болған. 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 13:47-де жетіп, қызыл жалынды 14:12-де толығымен сөндірген. 

Облыстық ІІБ ресми ақпаратынша, осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы 3-бөлігі "а" тармағы және 259-бабы 3-бөлігі "а" тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.