Жасөспірімдер жарыстан жүлдемен оралды
Білім күні қарсаңында Алматы қаласында дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жангелді Хамитовтың спорт клубы пайдалануға берілді. Балалардың талабын ұштап, спорт түріне бейімдейтін нысанның ашылуы құрметіне орай Алматы қаласының ашық біріншілігі өтті.
Аталған жарысқа, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Бөлтірік шешен ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінің оқушылары бәсі басым бәсекеге қатысып, бақтарын сынап көрді. Нұрбол Сүлейменов жаттықтыратын шәкірттер тек мықтылар бас қосқан жарыста намысты қолдан берген жоқ.
Атап айтқанда 21 келі салмақта Ә.Серік тұғыр биігінен көрінсе, М.Ғарифолла (31 келі), М.Шәріпбек (+29 келі), Д.Әлімбек (26 келі) қала біріншілігінің күміс медалін олжалады.