Жаңалықтар

«Жастарымыз қайда барады?». Дәулет Мұқаев жалдамалы пәтерде тұратын жастарға жаңа бағдарлама ашуды ұсынды

«Жастарымыз қайда барады?». Дәулет Мұқаев жалдамалы пәтерде тұратын жастарға жаңа бағдарлама ашуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жалдамалы пәтерде тұратын жастарға ипотекалық бағдарлама ашуды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың сөзінше, жалдамалы пәтерде тұратын жастар үшін жиындарға министрліктің өкілдері келмейді. Жастарымыз келесі жылы қайда барады? Себебі «7-20-25-тің» жырын барлығымыз білеміз. Одан кейін 50 пайыз жинау мүмкін емес, өйткені ол жастарға берілетін жалдамалы пәтерге норма қойылған. Айлығы 120 мың теңгеден асуы керек деген. Жастар жалдамалы пәтерді тегін сұрап отырған жоқ. Қазіргі нарықтағы елорда, Алматы жастарын ипотекалық бағдарламаларға неге ауыстырмасқа? - деді депутат.

Мәжіліс депутатының бұл сауалына өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жауап берді.

Бұған дейін министр 232 мың қазақстандық тұрғын үй кезегінен шығарылатынын айтқан болатын.