«Жасыл» және «сары» аймаққа өткен өңірлердегі карантин шараларына өзгерістер енгізілді

0 56

Өңір жасыл аймақта болып, бірақ «R» саны жоғары болса, жабық орындар мен қоғамдық көлікте маска кию ұсынылады.

Өңір сары аймаққа ауысқан жағдайда:

науқаспен байланыста болғандарды қашықтан жұмыс жасау нысанына ауыстыру;

Науқаспен байланыста болған COVID-19-ға қарсы екпеге түбегейлі қарсы көрсетілімі бар қызметкерді қашықтан жұмыс жасау нысанына ауыстыру;

білім беру ұйымдарында топтарды біріктіре отырып іс-
шараларды өткізуді болдырмау;

объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау,
объектілерде үй-жайларды күнделікті ылғалды жинау және желдету.

Медициналық маска тағуға кеңес беріледі:

▪️халық көп жиналатын орындарда (әуежайлар, тж вокзалы, автовокзалдар, базарлар, сауда үйлері, театр, кинотеатр, ХҚКО, банк, көрермендердің қатысуымен өткізілетін спорттық шаралар);

▪️көліктің барлық түрінде (қоғамдық көлік, әуе, тж, халықаралық автобус тасымалдары).

Дереккөз: Қазақстан Ұлттық арнасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.