Жаңалықтар

Жазасын өтеуші "Skуре" жүйесі арқылы жақын туыстарымен сөйлесті

Жазасын өтеуші "Skуре" жүйесі арқылы жақын туыстарымен сөйлесті

Сот үкімімен кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылған азаматтар қоғамнан шеттетілмейді. Керісінше, олардың туған-туыс, ағайын-бауыр, бала-шағасымен тілдесуге жағдай қарастырылған. Соның бірі - жазасын өтеушілердің жақындарымен онлайн байланыс орнату.

Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде (қоныс колониясы) жазасын өтеүшінің бірі дәл осындай мүмкіндікке ие болды. Қылмыстық Кодекстің 346 бабына сәйкес кінәсі дәлелденген ер адам 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған. Қоныс колониясында жазасын өтейтін ол "Skуре" жүйесі арқылы жақын туыстарымен сөйлесіп, амандығын білді. Өз кезегінде сотталған азаматтың туыстары бауырымен аз-кем тілдесуге мүмкіндік берген мекеме басшылығына алғысын жеткізді.