Жаңалықтар

Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту жүйелі жолға қойылған

Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту жүйелі жолға қойылған

Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту жүйелі жолға қойылған Бүгінгі таңда өңірлік ҚАЖ департаментінің сотталғандардың еңбегін қамтамасыз ету тобының қызметкерлері түзеу мекемелеріндегі кәсіпкерлікті дамыту әрі жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту мақсатында жүйелі жұмыстарды атқаруда. Атап айтқанда, жабық мекемелердегі бас бостандығынан айырылған азаматтар үшін қосымша жаңа жұмыс орындарын ашу, оларды ақылы еңбекпен қамтамасыз ету әрі шағын және орта бизнес субъектілерінің, «Еңбек-Тараз» РМК-нің қатысуымен жұмыстық кездесу сондай-ақ жедел кеңестер жиі өткізілуде. Департаменттің duis.zhambyl.kz ресми сайтына бос тұрған объектілер мен өндірістік аумақтардың суреттері мен байланыс телефондары енгізіліп, мекеме аумағында жұмыс орындарын ашу үшін атқарылатын іс-шаралар жазылған жарнама парағы орналастырылған. Қосымша өнеркәсіптерді тарта отырып, үшінші тараптың тапсырыстарының көлемін және сотталғандардың еңбекпен қамтылуын ұлғайту мақсатында облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелердегі «Еңбек-Тараз» филиалының бос тұрған ғимараттары мен ондағы негізгі құралдарды, сонымен қатар ұсынылатын қызметтердің тиімділігі жөнінде хабарланған. Жалпы, сотталғандарды сапалы еңбекпен қамтамасыз ету үшін кәсіби дайындау жұмысы ҚР ҚАК-нің 123-бабына сәйкес тузеу мекемелерінде техникалық және кәсіптік білім беру кәсіби білімі (мамандығы) жоқ сотталғандарға білім беру және кәсіптік даярлау ұйымдастырылуда. Мәселен, 2021-2022 жылғы оқу жылында ҚАЖ мекемелері жанындағы № 15 колледжінде 5 мамандық бойынша 269 сотталған білім алды. Түзеу мекемелерінің аумағында орналасқан «Еңбек-Тараз» филиалының бос ғимараттарын бизнес субъектілеріне сенімгерлік басқаруға беру 2020 жылдан бастап тоқтатылғанына қарамастан, мекеме әкімшілігі мекеменің сотталғандары үшін қосымша жұмыс орындарын құру және бизнес субъектілерін ынтымақтасуға тарту мақсатында қолданыссыз бос тұрған тұрғын жай ғимараттарын бизнес субъектілеріне сенімгерлік басқару шартымен беріп, сотталғандар үшін қосымша жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстарды да қолға алған. Нәтижесінде, қазіргі таңда жалпы жабық мекемелер аумағында 21 кәсіпкерлік субъект жұмыс істесе, Тараз қаласы аумағында барлығы 5 кәсіпкерлік субъект жұмыс істейді. Ерекше атап өтерлігі, егер түзеу мекемелерінің аумағында орналасқан «Еңбек-Тараз» филиалының бос тұрған өндірістік объектілерінің бірінде, атап айтқанда №25 түзеу мекемесінде аумағы 750м2 құрайтын жиһаз жасау цехы, 950м2 құрайтын механикалық цех, 240 м2 құрайтын тігін аумағы орналасса, №58 жабық мекемеде граниттің кез-келген күрделі бұйымдарын даярлау мүмкіндігі бар 9613 гектар аумақты құрайтын тас өндіру зауытында ірі бизнес өкілдері өз жұмыстарын жүргізсе, сотталғандардың түзелу жолына тұруына әрі олардың талап-қарыздарын өтеулеріне және жақындарына қаржылай көмек қолын созуына орасан септігін тигізер еді. Себебі, жұмыс берушілердің санының қанағаттанарлық жағдайда болуына қарамастан, ондағы еңбекке баулығандардың ай сайынғы еңбек ақыларыларының ең төменгі айлық есептік көрсеткішінің жартысына да жетпейді. Мұнда әр жұмысышының жалақасы өнімді өткізуіне байланысты төленеді. Есепті кезеңде өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты 5 түзеу мекемесінің нақты есеппен еңбекке жарамды сотталғандар саны 2 150 адамды құрап, барлық салалар бойынша ақылы жұмыстарға, сонымен қатар қызмет көрсету жұмыстарына орташа есеппен 1 150 адам қамтылды. Осылайша, жұмысқа қабілеті сотталғандарды еңбекпен қамту көрсеткіші 53 пайызды құрап отыр.