Жаңалықтар

Әже атанған Жеңіс Ысқақова Мақпал Жүнісовадан сүйінші сұрады (ВИДЕО)

Халық әртісі Мақпал Жүнісованың сіңлісі өмірге келді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова өнердегі әпкесі, Халық әртісі Мақпал Жүнісовадан сүйінші сұрады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Жеңіс Ысқақованың әлеуметтік желіге жүктеген видеосына қарағанда, ол Халық әртісіне келін болып келеді. 

"Сүйінші, өмірге тағы бір арғынның қызы келді. Сіз сияқты арғын. Лайым, жұғысты болсын! Мерей қызымыз сізге де немере сыйласын!", -деді Жеңіс Ысқақова ағынан жарылып. 

Өз кезегінде Мақпал Жүнісова "кішкентайдың бауы берік болсын» деп ақ тілегін арнады. 

Еске сала кетейік, осыдан бір неше күн бұрын Жеңіс Ысқақованың тұңғыш немересі өмірге келген болатын. Әнші немересіне Айлин деп есім қойған.