Жекеменшік мектептерге 82 млн теңгеден астам айыппұл салынды
600-ден аса лауазымды адам жауапқа тартылды
Қазақстанда 542 жекеменшік білім беру мекемесіне жоспардан тыс бақылау жүргізіліп, бірқатар заңбұзушылық анықталған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жоғары аудиторлық палатасының тапсырмасы бойынша жекеменшік мектептер өртке қарсы және санитариялық нормаларды сақтау тұрғысынан тексерілді.
Нәтижесінде осындай 542 білім беру мекемесіне жоспардан тыс бақылау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша 5219 өрт қауіпсіздігін бұзу, 436 мектепте санитариялық нормаларды бұзу фактілері анықталды.
Аталған заңбұзушылықтар үшін жалпы көлемі 82 млн теңгеден астам айыппұл салынып, 611 жауапты адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, делінген Жоғары аудиторлық палата хабарламасында.