Жаңалықтар

Жер магнитті дауылдың ықпалына түсті

Жер магнитті дауылдың ықпалына түсті

  Жер G2 - орта деңгейлі магниттік дауыл ықпалында тұр, деп хабарлайды РИА Новости. Бұл Күнде жақында С класындағы әлсіз алаудың бұрқ етуімен байланысты туындаған табиғи құбылыс, сонымен қатар ғалымдардың болжамдары бойынша, дүйсенбіде магниттік дауылдың тұру ықтималдығы 10 пайызды ғана құрады. Магниттік дауылдарды жіктеуде бес деңгей бар - G1-ден G5-ке дейін. Әлсіз дауыл электр жүйелерінің жұмысында ақау туындауына, сонымен қатар құстар мен жануарлардың көші-қон жолдарына әсер етеді деп саналады, - деп хабарлады РФ Ғылым академиясы Физика Институты Күн сәулесінің астрономия зертханасындағылар. Күшті дауылдар қысқа толқынды байланыс пен навигациялық жүйелердің жұмысында, сондай-ақ өндірістік электр желілерде ақау тууына әкеліп соғады.