Жер магнитті дауылдың ықпалына түсті

0

 

Жер G2 — орта деңгейлі магниттік дауыл ықпалында тұр, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл Күнде жақында С класындағы әлсіз алаудың бұрқ етуімен байланысты туындаған табиғи құбылыс, сонымен қатар ғалымдардың болжамдары бойынша, дүйсенбіде магниттік дауылдың тұру ықтималдығы 10 пайызды ғана құрады.

Магниттік дауылдарды жіктеуде бес деңгей бар — G1-ден G5-ке дейін. Әлсіз дауыл электр жүйелерінің жұмысында ақау туындауына, сонымен қатар құстар мен жануарлардың көші-қон жолдарына әсер етеді деп саналады, — деп хабарлады РФ Ғылым академиясы Физика Институты Күн сәулесінің астрономия зертханасындағылар.

Күшті дауылдар қысқа толқынды байланыс пен навигациялық жүйелердің жұмысында, сондай-ақ өндірістік электр желілерде ақау тууына әкеліп соғады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.