Жаңалықтар

"Жетісу" футбол клубының директоры 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Бұл туралы Талдықорған қалалық соты мәлімдеді

"Жетісу" футбол клубының директоры 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қалмұхамбет Донсебаев 31,9 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын ұрлағаны үшін айыпты деп танылды, бұл қаражат футболшылардың оқу-жаттығу жиындарына арналған тамақтандыруға бөлінген еді,-деп хабарлады Антикордың баспасөз қызметі.

Талдықорған қалалық соты үкім шығара отырып, айыпталушының ауыр науқас екенін және келтірілген шығынды толық өтегенін ескерді.

Оған сондай-ақ мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға тыйым салынды.