Жетісу облысының таулы аймағында өрт сөндіру жұмысы әлі жалғасып жатыр
Жетісу облысының таулы аймағында өрт сөндіру жұмысы әлі жалғасып жатыр
Жетісу облысы Алакөл ауданындағы «Достық» станциясына жақын маңдағы өрт сөндіру жұмысы әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өрт сөндірушілердің жалынға қарсы күресіп жатқанына бүгін төртінші күн. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, таулы аймақтағы «Кендір Сақал» учаскесіне тік ұшақтармен 84 тонна су төгілді. Бүгін таңертең өрт ошақтарын анықтау үшін МИ-171 тікұшағымен комиссиялық бақылау жүргізілді. Шамамен 70 гектар аумақта 10 жердің бықсып жатқаны анықталды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, өртті сөндіруге 232 адам, 2 тікұшақ, 26 техника, 60 аспалы бүріккіш және 11 жылқы жұмылдырылды.