Жетісулық отбасы 8 қарияны қамқорлығына алды

0 19

Жетісулық отбасы 8 қарияны қамқорлығына алды

Іле ауданының тұрғыны Саниям Мухамедсадыкова өмірі қиын жағдайда тұрған қарттарға көмек қолын созды. Оның айтуынша, ол адамдар үлкен, мейірімді отбасының бір мүшесіне айналған. Олардың әр қайсысына ерекше күтім мен қамқорлық керек дейді. «6 жыл бұрын мен көшедегі орындықта тәуліктеп отырған қарияны көрдім. Жанына өте шығуға дәтім бармады. Артынша өз үйіме алып келдім. Ол бізбен бірге 4 жыл тұрды. Сосын өзі құралпас жанмен бас қосты, бірақ біз әлі күнге араласып тұрамыз. Міне осылайша мен үлкен кісілерге қамқорлық көрсете бастадым»,-дейді Саниям. Саниямның пейілін жолдасы да қолдаған. Сондықтан кейіпкеріміз өзінің жан-жары туралы зор ықылас пен ризашылықпен айтады. Олар бірге зейнеткерлерге қамқорлық танытып, бір-біріне сүйеу болып жүр. Айта кетейік, ерлі-зайыптылардың 2 ұлы бар. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, балаларда ата-аналарына қарап, жанашырлық пен мейірімділік сезімін бойларына сіңіруде.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.